30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді темекі мен қыздырылатын темекісі бар өнімдерінің бағасы енді кемінде 970 теңге тұратын болады.
Қазақстан аумағында алкогольдің бағасы сияқты темекі өнімдерінің де ең төменгі бағасы белгіленбек. Мәселен, өткен жылдың орта шенінен бастап бір қорап темекінің бағасы 920 теңгеден кем болмауға тиіс деп белгіленген болатын.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі шекті баға көтерілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 20 фильтрлі және фильтрсіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылған темекісі бар өнімдердің ең төменгі бөлшек саудадағы бағасы қазір 970 теңге шамасында, демек соңғы бекітілген бағадан 5,4 пайызға көтерілген.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұйрықта нарықтық баға емес, темекі өнімдерін одан төмен бағаға сатуға болмайтын шекті меже көрсетіледі – дүкендерде темекі, әдетте, одан әлдеқайда қымбат тұрады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды