Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасын әзірлеуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады.
Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез таңдауға және сол аймақтағы колледждердің, студенттер мен оқытушылардың санын, жатақханалар, спорт залдары және өзге де нысандар, даярлық бағыттары мен мамандықтар тізімі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Платформа облыстар, аудандар, нақты колледждер және білім беру бағдарламалары бойынша икемді жүйемен жабдықталған.
Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел бойынша барлық деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта орналастырылған. Пилоттық жүйені іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.
Жүйе «Talap» КЕАҚ ресми сайтында және map.talap.edu.kz/map мекенжайы бойынша қолжетімді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?