Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және спорт министрі «Абай»операсының қойылымында болып, шығармашылық ұжыммен кездесуде олардың еңбектерін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Сондай-ақ министр өткен аптада барған Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қ. Жандарбеков атындағы театрдың қаржыландыру көлемі ұлғаятыны туралы хабарлады.
«Астана Опера» театры қойған «Абай» операсын тамашалап, шығармашылық ұжыммен кездестім. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған спектакль 2 күн бойы көрсетіледі. «Абай» - біздің опера және театр өнеріміздің классикасына айналған қойылым. Осы жылдар ішінде біз мәңгілік туындыны түрлі нұсқада тамашаладық, бірақ оның рухы өзгеріссіз қалды. Бұл, әрине, оның авторлары – Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди және Мұхтар Әуезовтің ұлылығы. Спектакльдің қоюшы-дирижері әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев, режиссері Джанкарло Дель Монако. Қойылымда әйгілі итальяндық сценограф-суретші Эцио Фриджерио мен костюмер Франка Скуарчапино да жұмыс істеді, - деді Асхат Оралов.
Оның айтуынша, елімізде театр өнері өте жоғары бағалануы керек.
Өткен аптада мен Түркістан облысының шалғай ауданына (Жетісайға) барғанда Құрманбек Жандарбеков атындағы жергілікті драматеатрға соқтым. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аталған театрды қаржыландыру мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ шығармашылық ұжым гастролдік сапарларға шығатын болды. Театр өнерінің дамуын қолдай отырып, біз дұрыс бағытта қозғалатынымызға сенімдімін, - деп қорытындылады министр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары