Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі16-25 маусым аралығында «Таза Қазақстан» жалпыұлтық акциясы аясындағы екінші онкүндік өтуде. Бұл кезең абаттандыру, қоқыс орындарын жою, жасыл желектерді суару және күтіп-баптау барысын қоғамдық бақылау секілді мәселелерге арналады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, игі іске Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жетісу облыстары мен Шымкент және Астана қалаларындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері белсене атсалысты.
Мониторинг барысында саябақтар мен қоқыс алаңдары, тарихи-мәдени ескерткіштер қаралды. Шара аясында ғимараттар маңы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, сыртқы ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Түркістан облысында аталған акция аясында «Жасыл толқын» атты бірқатар көгалдандыру және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде кеңес мүшелері санитарлық тазалықты жақсарту, абаттандыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, рұқсатсыз қоқыс алаңын жою, бейнебақылау орнату, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, эко-бақылау топтарын құру және заңбұзушыларға шара қолдану ұсынылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тек ұсыныс білдіріп қана қоймай, аталған жұмыстарға өздері қатысып, қоғамға үлгі боларлық белсенді азаматтық көзқарас танытты.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс