23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Петропавл қаласының полицейлері «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Фильді ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 45 жастағы спорт функционері Қарағанды қаласында ұсталған.
Астананың 45 жастағы тұрғыны екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген 2025 жылғы 6 қазанда таратылған ресми хабарламада.
Бұған дейін Сергей Фильмен 24 қыркүйектен бастап байланыс үзілгені хабарланған болатын. Кейін оны іздеу жұмыстарына полицейлер кіріскен. Себебі Ресейден келген бірнеше спортшы (легионерлер) оған қарсы шағым түсірген. Олардың айтуынша, Филь Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге көмектесемін деп ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік