13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҰлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы тамыз айында 159,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 144,7 мыңы – жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,5 мың – автобус және 3,6 мыңы – мото көлік, деп жазады El.kz интернет порталы.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 786,9 мың бірлікті құрады.
Елдегі автопарктің басым бөлігін ескі көліктер құрайды. Соңғы деректерге сәйкес, жеңіл автомобильдердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүр. Тағы 24,2%-ының шыққанына 10-нан 20 жылға дейін болған. 7-10 жыл аралығындағы автомобильдердің үлесі 10,3%-ды, ал 3-7 жыл аралығындағысы – 17,2%-ды құрайды. Шығарылғанына үш жылдан аз уақыт болған жаңа көліктердің үлесі – 6,8%, - делінген мәліметте.
Жасы 20 жылдан асқан автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген – 356,5 мың бірлік. Алматы қаласында мұндай көліктердің саны 211 мың болса, Жамбыл облысында – 199,5 мың.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды