Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОрталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов Платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өте үлкен жұмыс. Негізінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мысалы, такси қызметін көрсету кезінде такси жүргізушісі міндетті түрде кәсіпкер болуы немесе таксопарк штатында болуы керек. Әрине, егер төлем сомаларын салыстырсаңыз, дара кәсіпкер ретінде тіркелу тиімдірек болады. Бүгінгі күні такси жүргізушілерінің көпшілігі заң алаңынан тыс. Осы қызмет түрі бойынша барлығы елімізде 16 811 дара кәсіпкер тіркелген, - деді ол.
Басқалар дара кәсіпкер де емес, таксопарктердің қызметкерлері де емес, тиісінше әлеуметтік жағынан қорғалмағанын айтты.
Біз азаматтарымыздың парасаттылығына сенеміз және көп жағдайда қаржылық сауатсыздық пен кәсіпкерлікті тіркеумен байланысудан қорқу салық міндеттемелерін орындауға кедергі келтіреді деп санаймыз. Сондықтан пилоттық жоба шеңберінде дара кәсіпкерлікті қарапайым және түсінікті интерфейсте тіркеуден тікелей серіктестік интернет-платформаға өтуге болады. Кейіннен кәсіпкер дербес есеп айырысудан және салық төлеуден босатылады. Мұның бәрін ол үшін интернет-платформа жасайды. Осылайша, артық әкімшілік кедергілерсіз азамат салық міндеттемелерін орындайды, әлеуметтік кепілдіктер мен медициналық көмекке қол жеткізеді, - деді комитет төрағасы.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде тек интернет-платформаларда жұмыс істеген кезде дара кәсіпкерлікті тіркеуді алып тастау мәселесі қаралады, азамат жай ғана тәуелсіз қызметкер болады, ол үшін барлық міндеттемелні платформа орындайтынын түсіндірді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары