Бүгiн, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы мемлекет басшысы III Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Шымкентті оңтүстік өңірдегі ірі ғылым және білім орталығына айналдыру көзделіп отыр. Осы бағытта қалада бірқатар жұмыс қолға алынған. Атап айтқанда, Аризона штаты университетінің білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, Түркияның Гази университетінің филиалы ашылған.
Бүгінде Қазақстанда үш ірі қала бар. Соның ішінде Астана мен Алматы еліміздің зияткерлік, ғылыми және мәдени орталығы болып саналады. Себебі бұл қалаларда Қазақстандағы жетекші ұлттық университеттер орналасқан. Ендігі кезекте Шымкент қаласын оңтүстік аймақтағы ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамытуды көздеп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған жұмысты одан әрі жалғастырып, Шымкенттің ғылым мен білім саласындағы әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Осы орайда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым.
Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шаһардағы әрбір бесінші студент осы университетте оқиды. Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс, – деді президент.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Шымкентте білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге де тоқталды. Қалада Аризона штаты университетінің бағдарламасы жүзеге асырылып жатса, Түркияның Гази университетінің филиалы жұмысын бастаған.
Бүгiн, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары