10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу фактісі бойынша сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарғы сот мәліметінше, бүгін Қарағанды қаласында онлайн-трансляция арқылы Нұрболат Дәкебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Тергеу органымен ол жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін айыпталуда.
Сот отырысы барысында сот медициналық сараптама қорытындысы жарияланды және сарапшыдан жауап алынды. Іс бойынша барлығы 7 отырыс өтті.
Келесі сот отырысы 2 мамыр күні сағат 15.30-ға шегерілді.
Естеріңізде болса, қаңтар айының соңында Майқұдықтағы аулалардың бірінде Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видеосы желіде тараған болатын.
Дәкебаев бірнеше күн бойы полициядан жасырынып жүріп, ол 1 ақпан күні Қарағандыдан 200 шақырым жерден табылды. Сонан соң оның көпшіліктен кешірім сұрап, полицияға берілуге дайын екені туралы видео жарияланды. Дегенмен облыстық Полиция департаменті оның полицияға өз еркімен келгенін жоққа шығарды.
Айта кетейік, бұл тікелей эфирден көрсетілетін үшінші сот отырысы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді