6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстан облысында түрлі вирустық инфекцияларды жұқтыру жағдайлары көбейіп келеді. Қазіргі уақытта өңірде ЖРВИ-мен ауырғандар саны 65 мыңнан асады, олардың 40 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15%-ға көп, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдегендей, өңірде гонконг тұмауы да белсенді. Өткен аптада 25 жағдай тіркелсе, қазір зертханалық растамасы бар науқастар саны 50-ге жеткен, олардың 35-і Өскемен қаласында, ал 28-і бала. Сонымен қатар аймақта риновирус, боковирус және аденовирус жұқтырғандар тіркелген. Қазіргі таңда екі адам коронавирусқа шалдыққан.
Слямғазина атап өткендей, «гонконг тұмауы» жаңа вирус емес және белгілері басқа маусымдық тұмау штамдарына ұқсас. Ол ерекше симптомдарымен ерекшеленбейді.
Тұрғындарға адам көп жиналатын орындарға бармау, балаларды ойын алаңдарына аз апару, сондай-ақ қолды жиі жуу, маска тағу және басқа да сақтық шараларын орындау ұсынылады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі