2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686 құрады және 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4% өсті, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412. Тамыз айындағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі -5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.
Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған.
2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6%), Алматы облысы ( -24,6%) және Ақтөбе облыстарында (2,4%) сақталды. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3%) және Алматы қалаларында тіркелді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс