6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5%-ке өскенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде нақты сектордағы өсу 3,6%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9%-ті құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Өңірлер арасында ең жоғары өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды, – дейді ҰЭМ Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ ол алдын ала қорытынды бойынша, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 миллиард долларға жеткенін айтты.
Экспорт 25,5 миллиард долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 миллиард долларды. Жалпы, оң сауда балансы 6,6 миллиард долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өсті. Көрсеткіш өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғары өсуді Алматы қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары көрсетті, – деді министр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі