Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыӨздігінен шығаратын кәсіпорындардың қалдықтарын ескергенде 2024 жылы жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 4,6 млн тоннаны (бір жылда өсім +11,4%) құрады, оның ішінде коммуналдық қалдықтар – 3,8 млн тонна, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліменше, сұрыпталған қалдықтардың көлемі 2024 жылы 1,3 млн тоннаға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,9% артық.
Сұрыпталған макулатура мен картонның көлемі сұрыпталған қалдықтардың жалпы көлемінің 10,7%, пластик көлемі – 9,9% құрайды.
Өңірлік бөліністе сұрыпталған қалдықтардың көлемі бойынша тізім басында Алматы қаласы – 398,5 мың тонна, алғашқы үштікке Қарағанды облысы (237,8 мың тонна) және Астана қаласы (207,9 мың тонна) кірді.
2024 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коммуналдық қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын 811 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейді. Қалдықтарды сұрыптаумен, кәдеге жаратумен және көмумен 227 ұйым айналысады.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады