Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанның сұлулық индустриясы өткен жылы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтер көлемінің жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құрады.
Өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметтерінің жалпы сомасы 10,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық, - делінген мәліметте.
Маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі өткен жылы 22,2 млрд теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.
Сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңгені құрады. (2021ж. – 11,2 млрд теңге).
Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1% өсті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар