23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда үш жыл бұрын құрылған Студенттік омбудсмендер институты бүгінде жастардың құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істермен айналысып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Алматы қаласының студенттік омбудсмені Айболат Сембиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде Студенттік омбудсмендер бар. Сонымен қатар, университеттердің ішінде студенттік омбудсмен мектебі құрылған.
Біздің жұмысымыз тек шағым қабылдаумен шектелмейді. Студенттермен ашық әрі сенімді диалог мәдениетін қалыптастыру – басты мақсатымыздың бірі, – дейді А.Сембиев баспасөз конференциясы барысында.
Омбудсмендер жұмысының маңызды бағыты – жыл сайын жатақханаларға мониторинг жүргізу, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда жатақханаға өтінім қабылдау үдерісін онлайн форматқа толық көшіру көзделген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады