Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТуризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, құжатта еліміздің спорт саласында жаңа іріктеу жүйесін енгізу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, басым спорт түрлері олардың әлемдік рейтингтері негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командаларының көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелетін болады.
Бұл өзгеріс Қазақстанның спорттық құрамаларын дайындаудағы басымдықтарды нақтылайды және халықаралық деңгейдегі нәтижелерге негізделген жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің спортшыларын халықаралық ареналарда бәсекеге қабілетті ету үшін нақты және нәтижеге бағытталған саясат жүзеге асырылмақ.
Бұл заң жобасы спорт саласындағы жаңашылдықтарды енгізуді, тиімділікті арттыруды және Қазақстанның спорттық құрамасының халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарындағы нәтижелерді басты бағдар ретінде алып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз, – деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Заң жобасының қабылдануы спортты дамыту жүйесін жетілдіріп, Қазақстанның әлемдік спорт аренада озық жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
⠀
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?