18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ашық НҚА порталында елімізде тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасының жаңа мазмұны жария талқылауға ұсынылды, деп жазады El.kz
"Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін олардың меншік түріне қарамастан реттейді", - деп жазылған құжат жобасында.
Бұдан бөлек оқытуды ұйымдастыру тәртібін білім саласындағы уәкілетті орган реттейтіні көрсетілген. Ереженің алдыңғы нұсқасында бұл "Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады" деп жазылған болатын.
Ережеге жаңадан енгізілген 5-тармақта айтылғандай, жергілікті білім басқармалары 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардан баланы білім беру ұйымдарына оқуға беру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтауға тиіс.
Ал, 6-тармақта шетелдік азаматтар не азаматтығы жоқ адамдардың 16 жасқа дейінгі балаларын мектептерге беру үшін тапсыруы тиіс құжат тізімі көрсетілген.
Сондай-ақ, құжат жобасындағы 9-тармақта "білім беру ұйымдары 3 жұмыс күннен кешіктірмей Ұлттық білім беру дерекқорына елімізде тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын қабылдау туралы мәліметті орналастырады" деп көрсетілген.
Аталмыш құжатты жария талқылау 28 қарашаға дейін жалғасады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр