6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бір реттік шара аясында, Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік тіркеудегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері мен рөлі оң жақтағы автокөліктер заңдастырылмақ.
Ол үшін автокөлік елге былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген, және криминалдық есепте болмауы тиіс. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік, кедендік тазартудан өтуі қажет.
Алғашқы тіркеу үшін 200 мың теңге, тех.паспортқа мемлекеттік БАЖ 4 мың 313, ал мемлекеттік нөмір үшін 9 мың 660 теңге талап етіледі.
Заңдастырылуға өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі