13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз15 тамыз – қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Астана тұрғындары композитордың шығармашылық мұрасына арналған ауқымды музыкалық челленджге қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Музыкалық эстафетаны мәдениет, білім және жастар саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, балалар, зиялы қауым өкілдері, елорданың белсенді тұрғындары мен аға буын өкілдері қолдады.
Челленджге қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілікке танымал әндерін шырқап, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр.
Музыкалық челлендж әр буын мен түрлі сала өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, композитордың тыңдарман жүрегінен орын алған әндері мен әуендеріне қайта назар аударуға мүмкіндік берді.
Музыкалық эстафета жалғасып жатыр. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Шәмші Қалдаяқовтың сүйікті шығармасын орындап, бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялап, эстафетаны достарына, әріптестеріне және жақындарына жолдау жеткілікті.
Мұндай дәстүрлі іс-шара Ұлытау облысында жалғасын тапты. Өңірдегі өнер иелері жанды дауысты сазгер шығармаларын орындап, бейнежазба арқылы өзге әріптестеріне челлендж жолдап жатты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды