28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Даму» қоры кәсіпкерлерге төлем жүргізуге кірісті.
Жыл соңына дейін барлық міндеттемелерімізді орындап шығамыз. Бұған дейін жиналып қалған қарыздар өтелуде. Кәсіпкерлер бұрын төлеген пайыздық мөлшерлемелеріне қатысты субсидияларын қайта ала бастайды. Банктерге төлемдер толық көлемде аударылады. Осылайша, шағын және орта бизнестің борыштық жүктемесіне қатысты мәселе толық шешіледі. Жыл аяқталғанша барлық төлемді аяқтаймыз, – деді «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.
Сонымен қатар өңірлердің бәрінде кідірістер бірдей болмағаны да атап өтілді. Мәселен, Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдардың қолдауы арқасында субсидия төлемдері уақытылы жүргізіліп келген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?