2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСенат депутаты Серік Шайдаров құрылыс материалдарының барлық түрі іс жүзінде 50 пайызға қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Есеп комитетінің мәліметі бойынша, құрылыс нысандарының сметалық құжаттамасында тұрғын үй құнының 65 пайызын құрылыс материалдары құрайды. Сондықтан нарықтағы кез келген ауытқу, құрылыс саласының дамуы құрылыстың құнына ғана емес, тұрғын үй құрылысының қарқынына да тікелей әсер етеді», деді Серік Шайдаров Сенатта өткен Үкімет сағатында.
Сенатордың айтуынша, Қазақстанда жоғары өңделген өнім шығаратын кәсіпорындар жеткіліксіз.
«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 18 негізгі құрылыс материалдары бойынша импорт үлесі 50%-дан асады. Ішкі нарыққа құрылыс материалдарының импорты 2022 жылғы қаңтар-тамызда 3%-ға жуық өсіп, 799,5 млн долларға жетті. Осы кезеңде Қазақстанда қаптама керамикалық кірпіш, бетон бұйымдары, силикат және қож кірпіш, портландцемент, құрама құрылыс конструкциялары, дайын бетон өндірісі физикалық түрде төмендеді», деді депутат.
Серік Шайдаров 2025 жылға дейінгі құрылыс индустриясы жобаларын егжей-тегжейлі жүзеге асыру бойынша Жол картасын бекіткендерін еске салды. 157 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Енді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, жоспарланған барлық жобаларды қисынды қорытындыға жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар өңірлер мен облыстар деңгейінде құрылыс материалдарына деген қажеттілікті толық қамтуды қамтамасыз ету маңызды», деді Шайдаров.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова