6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 5 қазан күні 90-шы концерттік маусымын ашады. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биылғы 90-шы маусымның ерекшелігі – оркестр ұжымының базасында алғаш рет Құрманғазы атындағы Республикалық конкурстың ұйымдастырылуы. Өнерде жүрген әрбір музыка маманы бұл конкурстың жеңімпазы болуды мақсат тұтады. Аталған конкурсқа еліміз бойынша 16-40 жас аралығындағы музыканттардан 150 өтінім қабылданып, оның 113-і іріктеуден өтті, – деді Медет Ермекқалиұлы.
Оқи отырыңыз:
Медет Қуанышевтің сөзінше, конкурс осы жылы Құрманғазы оркестрінің 90-шы концерттік маусымына тұспа-тұс келуіне орай бас жүлде екі номинация бойынша табысталмақ.
Осыған дейін тек «Домбыра» номинациясы болған еді, оркестрдің 90 жылдық кезеңіне орай «Прима қобыз» жүлдесі қосылды. Осылайша бас жүлде екеу болады. Сонымен қатар «Домбыра прима», «Шертер», «Қылқобыз», «Сырнай» номинациялары бойынша жүйріктер бақ сынайды, - деді ол.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі