29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕнді қазақстандықтар қоқысты кез келген жерге тастаса қоғамдық жұмыстарға тартылады. Заң бойынша мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана тартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, егер адам ұсақ бұзақылық жасаса немесе қоқыстарды дұрыс емес жерге тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болады.
“Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың төлем қабілетсіздігі орын алуда. Осылайша, қоғамдық жұмыстарды қолдану құқық бұзушыға, әсіресе, қоғамдық тәртіпті бұзуға қол сұққан адамдарға қатысты жақсы тәрбиелік және алдын алу әдісі болмақ", - делінген құжатта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек