6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті.
Бюро мәліметіне қарағанда, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың).
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 20 075 271 адам тұратыны белгілі болған еді. Халықтың жалпы өсімі – 41 725.
Халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында тіркелді – 14 561 адам. Елордадан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, онда өсім 12 529. Шымкентте халық саны 7 355 адамға өсті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі