Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары аясында 6 негізгі құжатқа қол қойылады. Біріншісі, Алматы энергетика және байланыс университетінде белгілі Анхальт университетінің филиалы ашылады. Онда энергетикаға қатысты бірнеше бағдарлама бастаймыз. Екіншісі, Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде тұрақты инжиниринг филиалы ашылады. Бұл жерде Берлин техникалық университетінің филиалы ашылады. Біз 2+1 формуласымен жұмыс істейміз. Екі жыл Қазақстанда бір жыл Германияда және тағы бір жыл өндірісте, - деді Саясат Нұрбек.
Министрдің сөзінше, үшінші құжат бойынша Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанында қазақ-неміс ғылыми орталығы ашылады. Бұл жалпы Қазақстан мен Германияның ғылыми-зерттеу институттары арасындағы жұмысты жүйеге келтіру мақсатында жасалады.
Төртіншісі, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде металлургия және кен байыту саласындағы арнайы ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Оған бірқатар университет кіреді. Негізгі мақсатымыз металлургия, сирек металдар, кен байыту бағытында бірлескен ғылыми жобалармен айналысу. Бесіншісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде неміс тіл үйрену орталығы ашылады. Бүгін оны ресми ашамыз. Соңғы жылдары неміс тілі ұмытылып кетті. Бұрын неміс тілі мектепте жоғары оқу деңгейінде оқытылған. Қазір мүлдем қалған жоқ, - деді ол.
Саясат Нұрбектің айтуынша, соңғы келісімшартта Алматыдағы ұлттық аграрлық университет негізінде су шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Қазіргі таңда су мәселесі үлкен мәселеге айналды. Сондықтан арнайы практикалық қолданбалы ғылыми зерттеу орталығы болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары