23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгін еліміздің ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жол учаскелерінде төрт автокөлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, екі жағдай Жамбыл облысының Жуалы ауданында және бір оқиға Павлодар облысының Аққулы ауданында, сондай-ақ ШҚО Күршім ауданында тіркелді.
ТЖМ құтқарушылары боран жағдайында машиналарды қардан қазып алып, кейін қуатты арнайы техниканың көмегімен 10 жолаушысы бар көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, өздігінен жолдарын жалғастыруға мүмкіндік берді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.
Ведомство жүргізушілерге дауыл туралы ескерту алған кезде сапарларын кейінге қалдыруға кеңес береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік