30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді. Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды