6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСтатистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 47%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.
Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында ыстық брикеттелген темір өндіру («ССКӨБ» АҚ, 920 млрд теңге, 500 жұмыс орны, 2027 ж., қуаты: 4 млн тонна (2 кезең) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер ( «Mineral Product International» ЖШС, 1,25 трлн теңге, 3,8 мың жұмыс орны, 2027-2030 жж, өнімдер: ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат) өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC, 587,8 млрд теңге, 1,1 мың жұмыс орны, 2028 ж., қуаты: 314 мың тонна катодты мыс), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі