Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөктем басталғалы бері ҰБТ бойынша 13019 адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, 26 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰБТ басталғалы шекті балды 60% талапкер жинаған. Ал орташа деңгей 59 балды құрап, ең жоғары нәтиже 137 балды көрсетті.
Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 30 наурызға дейін өтеді. Тестілеуге қатысуға 118 505 өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 17,11%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын 15%-ы шығармашылық бағытты таңдаған. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 27 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 43 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бүгінгі таңда 9 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 11 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?