6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМАЭК-тегі апатқа байланысты жыл соңына дейін мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз жыл соңында мұнай өндірудің жоспарланған көлемін қысқарттық, өздеріңіз білетіндей, біз шамамен 90,5 миллион тонна өндіруге тиіс едік. Енді, бұл МАЭК-тегі апат қана емес, жалпы алғанда, кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары айтарлықтай көп болды. Сонымен қатар қосымша жөндеуге қатысты мәселелер де болды. Осыған байланысты біз қазір бір жерде, тәулігіне 12 мың тонна электр қуатын шектеуге байланысты жоспардан ауытқып жатырмыз. Ал басқа бір жерде 1,5-2 миллион шамасында, мүмкін жыл соңына дейін мұнай өндіру болжамын төмендететін шығармыз, - деді министр.
Болжам бойынша, шамамен 89,4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған.
Министр қазіргі таңда кен орнында жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі