Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыҮкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алу жеңімпазын анықтауға шамамен 2 ай уақыт кететін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы оң серпінді атап өтті:
Жыл басынан бері біз конкурстардың мерзімдерін едәуір қысқарттық. Маған баяндалғандай, қазіргі таңда конкурстар бір аптаның ішінде өтіп жатыр. Бұл расында да солай ма?
Вице-министр жаңа заңнама аясында мерзімдер 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылғанын баяндады.
Жаңа заңға сәйкес және Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз қағидаларда мерзімдерді қысқарттық. Рейтингтік баллдық жүйе бойынша мердігер бес күнде таңдалынып алынады. Ал конкурс бойынша мердігер он күнде анықталады. Біз мерзімдерді қысқартумен қоса, процестерді оңтайландырдық және автоматтандыру процестерін қосып жатырмыз, – деді ол.
Премьер-министр мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?