23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКітапханалар, архивтер, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелердің қызмет көрсету көлемі 16,6% өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 12 айында архивтер, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер көрсеткен қызметтер көлемі 78,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% -ға артық. Оның ішінде ауылдық жерлердегі қызмет көлемі – 24,6 млрд тг.
Кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі 78,1 млрд теңгені құрады,оның ішінде 54,8 млрд тг шағын кәсіпорындарға тиесілі, 7,4 млрдтг – ірі, 15,8 млрд тг – орта кәсіпорындарға. Егер қызмет түрлері бойынша қарайтын болсақ, жалпы көлемнің 40% жуығы кітапхана қызметіне, оның ішінде оқу залдарының, дәрісханалардың, демонстрациялық залдардың жұмысына тиесілі –31 млрд тг. Бұдан әрі мұражайлардың қызметі – 18,3 млрд тг, архивтер – 13,1 млрд тг және тарихи орындар – 2 млрд тг, - делінген ақпаратта.
Өңірлік бөліністе қызметтің ең көп көлемі Алматы (8,3 млрд теңге), Астана (5,8 млрд теңге) қалаларында және Түркістан облысында (6,5 млрд теңге) көрсетілді. Ең азы Ұлытау облысында (1,5 млн.тг).
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады