Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында мәлім болды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
Үкіметте өткен жиын барысында коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылғаны белгілі болды.
Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Үкімет сондай-ақ жартыжылдық инфляцияның негізгі динамикасын баяндады. Ерте өнімдерді жаппай жинау басталғаннан бері әлеуметтік маңызы бар көкөністерге бағаның өсуі тоқтап қана қоймай, керісінше төмендей бастаған.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша:
Соңғы аптада өсім бар болғаны 0,1%-ды құраған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?