Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық тестілеу орталығы 2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілгенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сараланған гранттар – бұл 50% оқу ақысы төленетін гранттар.
300 сараланған грант екі бағыт бойынша бөлінген:
«Педагогикалық ғылымдар» - 150 грант;
«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 150 грант.
Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысуы қажет. Ешқандай қосымша құжат қажет емес. Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 20 маусымда барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастаған. 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары