Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАуыл шаруашылығы министрлігі биыл картоп өнімі 2,7 миллион тоннаға жуықтайды деп күтіліп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
5 қыркүйекке дейін 840,2 мың тонна картоп жиналған. Егістіктегі бағалар 90–120 теңге/кг аралығында, ал бөлшек саудадағы орташа бағасы бір аптада 3,9%-ға төмендеп, 194 теңгені құрады. Жалпы жылдық қажеттілік 2 млн тонна. Жақсы өнім көлемі күтіліп отырғандықтан, 28 шілдеден бастап картоп экспортына қойылған шектеу алынып тасталған.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, тамызда туындаған фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеудегі техникалық іркілістер жойылып, ведомство ел ішіндегі тапшылық тәуекелдерін болдырмау үшін экспортты қатаң бақылауда ұстайды.
Ал Сауда және интеграция министрлігі бағаны тұрақтандыру үшін Картоп және көкөніс өсірушілер одағымен меморандум жасасты. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірушілері әкімдіктердің сұранысы бойынша ішкі нарықты көкөніспен қамтамасыз етеді. Қараша айында өнімнің сату бағасы – 145 теңгеден, ал 2026 жылдың көктемінде сақтау шығындарын ескере отырып 185 теңгеден аспайды. Сол сияқты келісімдер «Арал тұз» АҚ-мен (тұз бағасын 100 теңгеден 82 теңгеге дейін 18% төмендету) және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен (жұмыртқаның шекті бағасы – 55 теңге/дана) жасалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары