6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, - делінген мәліметте.
ҚР бойынша 2023 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 47 884 теңгені құрады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі