Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттер кеңесінің отырысы өтті. Шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам университет өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шара университеттердің студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары, жоғары оқу орындары басшылары және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арасында ашық диалог форматында өтті.
Белсенділер жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жатақханалардағы орын тапшылығы, жол төлемдері бойынша есеп беру сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Министр студенттердің сұраныстарын қолдап, жол төлемдері мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
Жатақханада орын тапшылығы мәселесін шешу үшін ірі қалаларда жаңа жатақхана салу бойынша жобалық кеңселер құрылып жатқанын, сондай-ақ жыл сайын 10 000 жаңа төсек-орын енгізілетінін айтты.
Форумның басты жаңалығы - студенттердің «Kazakhstan Student's Union» республикалық студенттік бірлестігін құру бастамасы болды.
Бұл ұйым студенттердің мүдделерін қорғаумен айналысады.
Спикерлердің айтуынша, болашақта студенттік ұйым Болон процесі аясында Еуропалық студенттер одағының (ESU) құрамына кіруді жоспарлап отыр.
ESU мақсаты – студенттердің білім беру, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мүдделерін еуропалық деңгейде барлық тиісті органдарға, атап айтқанда Еуропалық Одаққа, Еуропа Кеңесіне және ЮНЕСКО-ға қатысты ұсыну және ілгерілету.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік