7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев малдың барлық түрінің саны тұрақты өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өткен 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс 4%-ға өсті. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Сауылатын сүт орта есеппен 4,7%-ға ұлғайды, сондай-ақ қойлардың сойыс салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелуі 17,2%-ға өскені байқалады, – деді ауыл шаруашылығы министрі.
Сондай-ақ министр соңғы 10 жылда мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті артқанын, мемлекеттік қолдау шараларын күшейту есебінен малдың барлық түрі бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы өскенін жеткізді.
Мысалы, асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы жалпы ірі қара мал басына шаққанда 7%-дан 13,5%-ға дейін өсті. Сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс процесіне және тұқымдық түрлендіруге тартылған фермерлік шаруашылықтардың саны 2022 жылы 6 мыңнан 22 мыңға дейін артты, – дейді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, бақылаушы органдардың ескертулерін ескере отырып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алып тасталғанын тілге тиек етті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?