Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға инватакси қызметін жетілдіру мақсатында такси агрегаторларын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылдың басынан бері Астана мен Алматы қалаларында инватакси қызметі 221,7 мың рет көрсетілді. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 207,2 мыңға жеткен.
Бұған дейін инватакси қызметін пайдалану үшін азаматтар бір күн бұрын телефон арқылы жазылуға мәжбүр болатын. Жоба бұл рәсімді жеңілдетіп, Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Қосымшада мүгедектігі бар жандардың қажеттіліктерін көрсету және жүргізушіге арнайы нұсқаулық беру функциясы қарастырылған.
Яндекс компаниясы жобаға өтеусіз негізде қатысып отыр. Бұл жаңа тәсіл инватакси қызметінің қолжетімділігін арттырып, сапасын жақсартуға бағытталған. Пилоттық жоба қазіргі таңда Астана мен Алматыда жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта басқа өңірлерге кеңейту жоспарланып отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары