23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Комиссия құрамында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар үміткерлердің өтініштерін қарастырады. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіледі, - деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Конкурстық ірiктеудiң қорытындысыҒылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады