Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан препараттарды келісім-шартпен өндіру механизмін іске асыру арқылы фармацевтикалық өнімдердің өндірісін 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz primeminister.kz-ке cілтеме жасап.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 11-отырысында белгілі болды. Жиынға қатысушылар денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Италия, Нидерланды, Португалия, Словакия, Финляндия, Хорватия, Чехия және Швеция елшілері, сондай-ақ ҚР орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, денсаулық сақтау – Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін келешегі зор салалардың бірі.
Үкімет басшысы биыл республикада «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы қабылданғанын еске салды. Оның негізгі мақсаты – 2027 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін ұлғайту.
Қазақстан мен Еуроодақ алдында медицина және фармацевтика салаларындағы әріптестікті нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Біз өзара ынтымақтастыққа және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге дайынбыз, - деді Әлихан Смайылов.
Отырысты қорытындылай келе, Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қадамдарды әзірлеу және іске асыру үшін келіп түскен ұсыныстарды жедел қарайтынын атап өтті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады