7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Талантты авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі саланың мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.
Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.
Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді, – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.
Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?