Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.
Үкімет кулуарында сөйлеген вице-министрдің айтуынша, халық табысын арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама аясында ең төменгі жалақы көлемін қайта қарау көзделген. Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды, ал алдағы уақытта оны кезең-кезеңімен ұлғайту міндеті тұр.
Бүгінде әлемдік тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызы деңгейінде белгіленеді. Қазақстанда медианалық жалақы шамамен 302 мың теңге болса, біз жақын уақытта ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Бұл шешім бюджет мүмкіндіктеріне байланысты қабылданады, – деді Азамат Әмрин.
Сонымен қатар ол нақты мерзімдерді атаудан бас тартып, бұл мәселенің күрделі әрі жан-жақты есептеуді қажет ететінін жеткізді.
Кешенді бағдарлама тек жалақыны өсірумен шектелмейді. Құжатта бизнесті қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, кәсіпкерлер үшін қолжетімді қаржыландыру мәселесі өзекті болып отыр.
Қазір бизнеске ұзақ мерзімді әрі арзан қаржы қажет. Бірақ базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде болғандықтан, мұндай мүмкіндік шектеулі. Осыған байланысты мемлекет банктер арқылы берілетін несиелерді субсидиялап, кепілдік береді. Нәтижесінде олардың пайыздық мөлшерлемесі 12% дейін төмендейді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және жаңа жобаларды іске қосуға жол ашады, – деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Әмрин аталған бағдарлама аясында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі де қарастырылып жатқанын хабарлаған еді. Нақты ұсыныстар мамыр айында таныстырылады.
Еске салсақ, 2025 жылдың маусымында қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің мүмкіндігі ең төменгі жалақыны көтеруге жететінін айтып, оның шамамен 90 мың теңге болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Ал тамыз айында Серік Жұманғарин оны арттыру жоспарда жоқ екенін жеткізген болатын. Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынғанымен, қазан айында Үкімет бұл бастаманы қолдамағаны белгілі болды.
Осылайша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін өсіру мәселесі күн тәртібінде тұр. Алайда оның нақты мерзімі мен тетіктері бюджет мүмкіндіктеріне байланысты айқындалмақ.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?