Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылы дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға – 4 864-тен 3 954 маманға дейін қысқарды, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға, 4 820-дан 4 505-ке дейін төмендеді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ең тапшы мамандардың тізімінде терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар мен педиатрлар қалуда.
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында ауылда әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда өткір тапшы мамандықтар бойынша 207 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер жүргізілді. Сонымен қатар тұрақты жұмыс орнына келген 544 дәрігер, оның ішінде 2024 жылғы 226 түлек әлеуметтік қолдау шараларын алды, - делінген мәліметте.
Медицина қызметкерлерін, оның шеңберінде 164 мың маманды құқықтық қорғау мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы заң қабылданды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді