Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде қалдықтарды басқару талаптары бойынша экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2022 жылдан 2024 жылға дейін 14,3 млрд теңге сомасына 405 айыппұл салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең маңызды жағдайлардың қатарында қалдықтарды қажетті экологиялық рұқсатсыз жинағаны үшін «Каспий Мұнай» АҚ-ға салынған 13,7 млрд теңге мөлшеріндегі айыппұл бар. «AltyntauKokshetau» АҚ және «Қаржы-инвестициялық корпорация» АҚ нормативтен тыс қалдықтарды жинағаны үшін жауапқа тартылды, олар тиісінше 145 млн теңге және 108,7 млн теңгені құрады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір кәсіпорын қалдықтардың көлемін азайту мақсатында ең үздік қолжетімді техниканы пайдалануды ескере отырып, Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті екенін атап өткен жөн.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді