22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚоғамдық эко-бақылау республикалық акциясы аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық акция жүргізілді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.
Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған, - делінген мәліметте.
Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:
Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);
Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).
Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев