23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлімізде олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және әлем чемпионы атанған спортшыларға берілетін ай сайынғы материалдық төлем мөлшері өсті. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
«Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионадарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті. Аталған төлем осыған дейін 24 айлық есептік көрсеткішті (76 380 теңге) құрап келген. Биыл министрліктің Үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-ке дейін (318 000 теңге) артты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресми ақпаратта айтылғандай аталған төлемді алу үшін спортшылар мен бапкерлердің сала бойынша 20 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
«Бұл өзгерістер тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлеріне де қатысты. Яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионадарын тәрбиелеген бапкерлері де өмір бойы алатын ай сайынғы қамсыздандыруға құжаттар тапсыра алады», - дейді комитеттен.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады