23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Быилғы жылы Наурыз мерекесі шеңберінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Акция Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Іс-шараға 135 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде: 12 мыңнан жоғары еріктілер, 47 мыңнан жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері, 65 мыңнан жоғары мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірдестіктер мен тұрғындар.
Климаттық жағдайға байланысты, іс-шара Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында өтті.
Қатысушылар рекреациялық аймақтарды ретке келтіріп, аула маңындағы нысандарды, көшелер мен саябақтарды тазартты. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, гүлдер мен ағаштар отырғызылды.
Акция шеңберінде барлығы 2,5 мың тоннадан жоғары қалдықтар жиналды. Жинақталған қоқыстардың сұрыпталып, 337 тонна әйнек, 97 тонна пластик, 67 тонна резіңке, 49 тонна қағаз бен 130 тонна металл қайта өңдеуге берілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік