2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 14 қыркүйектен бастап бидай пен ұн экспортына шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қол қойды.
Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді. Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанып, Қазақстандағы астық өніміне жасалған болжамның оң көрсеткішінен кейін енгізілген квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні республиканың барлық облысында егін жинау жүріп жатыр.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде 11,3 млн га астық жиналды - бұл жоспардың 69,8%. 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы бұл уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын).
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс