10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша қала бар екенін жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елімізде қала саны артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентттігі.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда үшке артқан. 2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.
Олардың ішінде:
39 — облыстық маңыздағы;
48 — аудандық маңыздағы;
3 — республикалық маңыздағы;
Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8-ден.
Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған. Бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.
Ең көп қала тұрғындарының саны республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді